Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданына қарасты "Адай" базасы аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. mangystaumedia.kz-ке сілтеем жасап.
Оқиға кеше түнде болған. Такси жолаушыны алып кетуге барғанда сөзі жараспай төбелес басталып кеткен. Ақырында жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, үйіне кетіп қалған. Жолаушы да пышақтан жарақат алған. Артынша облыстық ауруханаға түскен.
Ал облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі кеше 1979 жылы туған науқас іш қуысының пышақ жарақатымен түскенін мәлімдеді.
"Сынама алынып, кеше түнде 22:20-да ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы.
Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!