- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтау қаласына жаңа...
Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 шілдеде облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына кандидатты ұсынды.
Бұған дейін осы лауазымды атқарған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен.
Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әбілқайыр Жаңайұлы Байпақов Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.
Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында дүниеге келген.
Әр жылдары өңірдің мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы әкімі аппаратының, Түпқараған және Қарақия аудандарының басшысы, Мұнайлы ауданы Баянды ауылының әкімі, "Каспий "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "ҰК" АҚ, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат управления басқармасының басшысы болды.
Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша атқарған жұмыстары үшін Ұлықбек Тналиевке алғысын білдірді, сондай-ақ Әбілқайыр Байпақовқа облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина