- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор туралы
Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты іс: тергеу аяқталды
Фото:
Видео кадры
Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады.
"Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр", - деп жазылған хабарламада.
5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.
Еске салайық, биыл 10 маусымда Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды.
Сол кезде сот төрағасы Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова