Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынды

Ақтау қалалық сотының төрағасы қамауға алынды
Фото: depositphotos.com

Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны ҚР Жоғарғы сотының байланыс департаменті растады. Бұл Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен шарасы екені атап өтілген. Басқа мәліметтер әзірше белгісіз.

Қалалық сот төрағасының қамауға алынғаны туралы хабарламалар бұған дейін бірқатар Telegram-каналда тарады. Оның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінгені айтылған.

Бауыржан Шайдуллин 2020 жылғы қаңтардан бастап Ақтау қалалық сотының төрағасы қызметін атқарып келді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан