20 шілдеде әлеуметтік желіде Ақтау әуежайының автотұрағында болған ер адамдар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрлардан бірнеше адам бір адамды аяусыз ұрып, теуіп жатқаны көрінеді. Оқиғаның себебі мен салдары әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 23 маусымда болған, алайда видео желіде бүгін ғана тараған. Төбелеске қатысқандар анықталып, ұсталды.
Үш адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы – "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс жақын арада сотқа жолданады.
Бұл бап бойынша жаза ретінде 500-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін (1 966 000-нан 7 864 000 теңгеге дейін) айыппұл немесе түзету жұмыстары, немесе 300-ден 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, немесе екі жылға дейін бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру көзделген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз