Әуежай қызметкерлері 3 қазан күні түнгі рейстердің ұшып-қонуы кешігіп жатқаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Редакцияға түнгі және таңғы көптеген рейстің Ақтау әуежайына уақытында келмей, кесте бойынша ұша алмайтыны хабарланды. Сондай-ақ әуежайдың онлайн-дисплейінде Атырау, Баку, Ыстамбұл және Астраханнан кемінде төрт рейстің кешігіп жатқаны көрсетілген.
Баку, Алматы және басқа қалаларға бірнеше рейстің ұшуы да кейінге қалдырылды.
Ақтау халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өкілдері кешігулер Ақтау әуежайындағы ауа райы жағдайына, атап айтқанда, тұманға байланысты екенін айтты. Жолаушыларға әуе компаниясының кешігуі туралы алдын ала хабарланған.
"Қазір ұшу-қону жолағында көру мүмкіндігі жақсарды. Ұшу және ұшып кету кестеге сай жоспарланған. Кешіктірілген рейстегілерге қызмет көрсетіледі", - деп хабарлады әуежайдан.
Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау халықаралық әуежайында ұшақтардың ұшып-көтерілуі және қонуы уақытша тоқтатылған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!