- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақталып жатыр ма?"...
"Ақталып жатыр ма?" Гүлнұр Оразымбетова даулы әнін жанды дауыста айтқан видео тарады
Әлеуметтік желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың "Көкке өрле" әнін айтқан видеосы тараған еді. Видеодан өнер иесінің дауысы жағымсыз естілген. Әнші бұл видео монтаж екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде әншінің дәл осы әнді жанды дауыста айтқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрлардан Гүлнұр Оразымбетова әнді гитараның сүйемелдеуімен айтқаны көрінеді.
@tansholpan_tv Көке өрле #рек ♬ оригинальный звук - ТАҢШОЛПАН | QAZAQSTAN TV
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің дауысына бұл ән сай келмейтінін жеткізген.
"Қинама өзіңді, дауысың жоқ, ренжіме айтқанға", "Дауысыңызға арналмаған өлең, диапазоны жоғары әнші орындау керек, "Ақталып жатыр ма апам?" - дейді Желідегілер.
Ал пікір жазғандардың бір бөлігі әншінің дауысы керемет екенін айтып, оған жылы лебіздерін жазған.
"Жарайсың", "Керемет", "Хит болып кетті осы ән", "Өткендегі монтаж екені көрініп тұр еді ғой, даусыңыз керемет", "Гүлнұр, керемет даусың, өздерінің даусы жоқ надан іштарлықпен пиғылдары жаман адамдар айта береді, - дейді енді бір тобы.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген еді.
Еске салайық, әнші бұл жағдай алдағы уақытта концерттерге үлкен жолдама болғанын, жанды дауыста ән салатынын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова