- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақталғаным емес". Қыдырәлі...
"Ақталғаным емес". Қыдырәлі Болманов Мұхтар Әбіләзовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Әнші Қыдырәлі Болманов желіде тараған Мұхтар Әбіләзовпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл 25 жыл бұрын түсірілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі Әбіләзовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да. Әңгімелесіп те көрген емеспін. Ал Марғұлан Сейсембай Ұлытауда дүниеге келген азамат. Құрметтеймін, өте білімді, талантты, үлкен кәсіпкер. Бұл фотоға 25 жылдан астам уақыт өтіпті. Бір парақшадан байқап қалдым да. Әр нәрсенің қайыры бар деген, Сақтар дәуірінен қалып кеткен фото болса да салыңыз. Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным", - деп жазды әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы