- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсуда субұрқақта тоқ...
Ақсуда субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады
Павлодар облысы Ақсу қаласында субұрқақта тоқ соққан қыздың беті бері қарады. Дәрігерлер төрт жастағы баланың өміріне еш қауіп жоқ дейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылған қыз балаға түрлі терапиялық ем шаралар жасалды. Жүрегі тексерілді. Денсаулығынан ешқандай патология табылған жоқ. Содан кейін педиатрия бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы бір қалыпты, денсаулығы жақсарып қалды десе болады. Ешқандай ауырсыну жоқ. Денесінде күйік ізі жоқ", - дейді Ақсу ауруханасының бөлім меңгерушісі Айдана Төлеутай.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы Ақсу қаласында кішкентай қыз субұрқақта токқа түсіп, жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған едік.
Оқыс оқиға болған сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан кішкентай қыз субұрқақтың шетінде жатқанын көруге болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 маусымда болған. Шамамен төрт жастағы қыз Ақсудағы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан