Марқұм ауыр халде реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатқан еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
24 мамырда Ақсу ферроқорытпа зауытында ауыр термиялық күйік алған 25 жастағы әйел қайтыс болды. Қаралы хабарды облыстық еңбек басқармасы растады.
"Алдын ала болжам бойынша қалдық болған ыдысқа су төгілгендіктен, металл шығарыла бастаған. Соның салдарынан 3 және 4 кран машинистері термиялық күйіктер алды. Бүгінде жазатайым оқиға тергеліп жатыр", - деп хабарлады еңбек басқармасы.
Еске салайық, 24 мамыр күні сағат 20:07 минутта жедел жәрдем бригадасы Ақсу ферроқорытпа зауытынан зардап шеккен екі адамды Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізген болатын. Медициналық көмек көрсетуден кейін 1985 жылы туған әйел адам оң қолының термиялық күйігімен амбулаториялық емдеуге жіберілді, ал екінші зардап шеккен 1999 жылы туған әйел ауыр термиялық күйікпен реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!