- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсуда оқушы қызды...
Ақсуда оқушы қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген тұрғын ұсталды
Ақсуда оқушы қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеген тұрғын ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде 26 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен интимді байланысқа түсуге мәжбүрлегені туралы ақпарат пайда болды. Ақсу қаласының білім беру бөлімі аталған фактіні растап, егжей-тегжейді баяндады.
"Жәбірленушінің анасының өтініші негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқаны белгілі болды", - деді білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан