- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсуда кішкентай қызды...
Ақсуда кішкентай қызды субұрқақта ток ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шықты
Павлодар облысындағы Ақсу қаласында кішкентай қыз субұрқақта токқа түсіп, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқыс оқиға болған сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Видеодан кішкентай қыз субұрқақтың шетінде жатқанын көруге болады.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 маусымда болған. Шамамен төрт жастағы қыз Ақсудағы ауруханаға жеткізілді.
"Ауруханаға түскендегі жағдайы ауыр болды. Адамдармен байланыса алмады. Жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді ведомство өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дәрігерлер баланы аман алып қалды.
"Барлық қажет емдеу-диагностикалық іс-шара өткізілді, санитарлық авиация желісі бойынша облыстық мамандармен кеңес берілді. Сағат 21:00-де баланың жағдайы жақсарды. Қыз есін жиды, орташа ауырлық дәрежеде жатыр. Қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі жағдайында бақылау және емдеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина