- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсуда 500 миллион...
Ақсуда 500 миллион теңгенің заңбұзушылығы анықталды: жауаптылар қандай жаза арқалады?
Павлодар облысында "Ауыл - Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақсу қаласында прокурорлар "Ауыл - Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс бөлімі салынып жатқан нысандар үшін шамамен 500 миллион теңгені негізсіз аударғанын анықтады.
Тапсырыс беруші 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салатын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін алдын ала төлем жасаған.
Ал құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кейін қалып жүргізіліп жатыр.
Қадағалау актісі бойынша Ақсу қаласының әкімдігі артық төленген бюджет қаражатын қайтару бойынша наразылық талап қою жұмыстарын жүргізді, бүгінгі күнге мемлекетке 60 миллион теңге қайтарылды.
Осы жайт үшін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды, ал құрылыс бөлімінің басшысын Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығаруды ұсынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова