- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсуда 16 жастағы...
Ақсуда 16 жастағы қызды көлік қағып кетті
Ол иық сүйегінің жабық жарақатымен ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 маусымда сағат 19:11-де Ақсу қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Зардап шеккен 2008 жылы туған қыз жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Кезекші травматологтардың қаралуынан кейін сол жақ иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің жабық сынуы деген диагнозы қойылды", - деді ауруханада.
Қыз травмотологиялық бөлімшесінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр деп отыр.
Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс ашты. Анықталғандай, NISSAN PRIMERA маркалы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан