Ақсу зауытындағы ірі өрт: зардап шеккен қыз комаға түсті

Ақсу зауытындағы ірі өрт: зардап шеккен қыз комаға түсті
Фото: instagram.com/aksu.ermak

Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт кезінде зардап шеккен жас краншы әйел 80 пайыз дене күйігін алып, комаға түсті. Бұл жайлы Павлодардағы №1 қалалық аурухананың баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Зауыттағы төтенше жағдай 24 мамырда болды, жұмыс кезінде екі кран машинисі термиялық күйік алды.

"25 жастағы науқас 25 мамырда №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді. Өндірістік жарақат нәтижесінде оның денесі 80-85 пайызын термиялық күйіп қалған. Басы, беті, мойны, денесі, қолдары мен аяқтары күйген. 3-4 дәрежелі күйік шокы. Қыз реанимация бөлімінде, комада", - деп түсіндірді Павлодардың №1 қалалық ауруханасында.

Десе де, компанияда болған оқиғаның егжей-тегжейлігін әлі хабарланған жоқ. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын арнайы комиссия анықтайды.

Еске салайық, кеше әлеуметтік желіде өндіріс орнында қара қалың түтін көрінетін фотосурет пайда болды

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget