- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақсу зауытында зардап...
Ақсу зауытында зардап шеккен өрт сөндірушінің жағдайы оңалып келеді
Ақсу зауытында зардап шеккен өрт сөндірушінің жағдайы оңалып келеді. Ол травматологиялық бөлімшеде ем алып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 21 маусым күні сағат 18:50-де Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнынан 1993 жылы туған ер адамды жеткізген.
"Зардап шеккен жігіт № 1 өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Өртті сөндіру кезінде шатырдан құлаған. Мидың жабық жарақаты мен шайқалуы, кеуде контузиясы, оң жақ білек буынының созылуы тіркелді", - деп хабарлады ведомство.
Травматология бөлімшесіне жатқызылған. 22 маусымда сағат 16.00-де науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Есін біледі, өздігінен қозғала алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан