Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері зауыттағы ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 маусымда Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатор өртенді. Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрден асқан.
Өртсөндіруші қолынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Сол жерде төтенше жағдайлар департаментінің 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді.
Өрт 20:52-де ауыздықталып, 22:40-та толығымен сөндірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!