Қыркүйекте ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдардың құқыққа қайшы әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мәліметіне сәйкес олар ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр.
"Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз кіру схемасын ұйымдастырған. Тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, кесуге арналған орман орамдары мен ақшаны бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ, өзге де заттай дәлелдер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова