- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақшасын қызғанғандай болып...
"Ақшасын қызғанғандай болып қалдым". Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртас туралы айтқан сөзін түсіндірді
Танымал әзілкеш, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртас туралы сұхбаттардың бірінде айтқан сөзін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, өнер иесі бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде "Қайрат Нұртасты пәленбай ақшаға шақырған адам ақымақ" деп айтқан болатын. Уәлибек Әбдірайымов Zhuldyz FM радиосының "Таңғы шоу" бағдарламасындағы тікелей эфирінде ол сол сұхбаттан кейін "ол туралы неге айттым?" деп ойланып қалған кезі болғанын айтты.
"Нем бар еді айтып?" деп ойлап қалған сәттерім болды. Мысалы, Қайрат Нұртас туралы айтып едім. Оның ақшасын қызғанғандай болып қалдым. Нем бар еді осыны айтып? Қанша тапса өзі білсін деп ойладым. Мына әңгімені айтам деп, басқа әңгіме болып кетті. Бәленбай ақшаға оларды тойға шақырады. "Ал енді тойға шақырушы адамға айтарым, ол сол жерде тобын алып келіп, жанды дауыста шоу жасап жатса мақұл. Фонограммамен аузын жыбырлатып кетеді ғой. Оның орнына мүсіні ме, суретін салып қой да, 5000 теңге төлесең оператор қойып береді. Ол одан артық айтпайды бәрібір" деп едім. Кейіннен анасы ренжіді, әкесі ренжіді. Сосын "Нем бар еді осы кісілерде?" деп ойладым. Олар түсініп тұрған жоқ. Сосын өз-өзіме бекер айтыппын осыны дедім. Солай кетті ғой", - деп түсіндірді өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина