- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақшасын қайтарып береміз"....
"Ақшасын қайтарып береміз". Нұрлан Сабуровтың Астанадағы концертінде жанжал шықты
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың концертінде техникалық ақау шықты. Көрермендер наразылық танытқан, ал кейбірі тіпті үйлеріне қайтып кеткен, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Концертті ұйымдастырушылар мәселені шешуге тырысқан, нәтижесінде шоу бір жарым сағатқа кешіктірілген. "Барыс-Аренаның" трибуналарындағы көрермендер дыбыстың нашарлығынан жаппай наразылық таныта бастады, кейін біреулер әзілкештің сахнаға шығуын күтпей-ақ, концерттен кетуді ұйғарған.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, ұйымдастырушылар концертке көңілі толмағандарға билет ақшасын қайтарып беруге уәде еткен.
Айта кетейік, техникалық ақау барлығына бірдей әсер етпеген.
"Жаңғырық мазалайтындарға трибунаға түссін деді. Нұрлан да дыбыстың кесірінен ұйымдастырушыларға ашулы болды. Техникалық ақау болса да, бәріміз ішек-сілеміз қатқанша күлдік. Керемет болды!" - дейді Жәмилә Жанұзақова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек