"Ажыраспа" жобасының негізін қалаушы және блогер Айна Досмахамбетқызы "Мамский әңгіме" подкастында күйеуімен не үшін ажырасқанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты.
"Мен күйеуіммен үшінші жүктілігіме екі ай болғанда ажырастым. Мен сол кезде бөлек кетіп қалдым. Біз екеуміз отбасы емеспіз. Мен енеме тұрмысқа шыққандаймын. Мысалы, ұрысып қалсақ, маған күйеуім емес, енем телефон соғатын. Не болып қалды араларыңда деп, ал ол сөйлеспейді. Ондай жағдайлар көп болды. Қазір оның бәрін айтқым келмейді.
Біздің отбасы спектакль сияқты. Елдің көзінше біз отбасымыз, ал былай отбасы емеспіз. Ал мен жалғандықты жақсы көрмеймін. Сен өзің жалғыз қаласың, отбасы керек па, керек емес па ойлан дедім. Ал мен әзірге басқа үйге көше тұрайын дедім. Төркінге кеткен жоқпын.
Үйге қайт деп маған енем де, атам да звондады. Неге маған сіздер звондап жатсыздар, неге ол маған бірде-бір рет звондамады. Отбасы сіздікі ма, әлде оныкі ма? Оған ештеңе айтпай-ақ қойыңыздар, тек оны жалғыз қалдырыңыздар. Мен сіздермен ұрысқан жоқпын, демалыста келіп тұрамын, немерелер сіздерді көріп тұруы керек, арамыз түзу болсын дедім. Енеме бір өтінішімді ғана айттым, оған бар деп звондамаңыз дедім. Маған оның ғана шешімі керек дедім. Содан соң ол ажырасайық, қандай құжаттар керек деді. Құжаттарды беруге кездескенде ол маған "сенікі дұрыс емес" деді", - дейді блогер.
Блогер отбасыда ақша емес, ондағы қарым-қатынас және адамгершілік секілді қасиеттер маңызды екенін айта өтті.
"Маған ақша да, байлық та керек емес. Ол негізі өте бай-қуатты отбасы. Сол кезде әлі айтқандары есімде: біз оған бәрін бердік, ол неге кетіп қалды, оған не керек? Мен сол кезде тұрмысқа ақшасы үшін, машина үшін немесе үй үшін шыққан жоқпын, мен адамға тұрмысқа шықтым дедім. Үйді де, машинаны да Құдай берем десе береді, жұмыс жасап оның бәріне қол жеткізуге болады, ал арқа сүйер адамыңды, үміт артар адамыңды ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Бұл байлықтың бәрі бүгін бар, ертең жоқ. Қарым-қатынас, адамгершілік, отбасы маңызды. Сондықтан "біз саған бәрін бердік, сен кетіп қалдың" деген менің өмірлік көзқарасымда жоқ нәрсе", - деді Айна Досмахамбетқызы.
Отбасы ажырасқан жағдайда бала кімде қалады? Заңгер жауабы