- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақшаны қайтарсын". Үйсіз...
"Ақшаны қайтарсын". Үйсіз жүрген үлескерлер өтемақы талап етіп отыр
Алматыдағы Весновка және Үшқоңыр тұрғын үй кешенінің үлескерлері өтемақысын талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Телерна мәліметінше, пәтерге қол жеткізе алмаған тұрғындар қаражатты 20 пайыз үстемемен берсін деген талап қойған. Көбі бастапқы жарна ақшасын несиеге алған. Қалалық полиция департаментіне 125 адамның алданғаны туралы арыз келіп түскен. Олардың арасында тек еліміздің ғана емес, көрші елден келіп, ақша салған үлескерлер де бар.
"Былтыр маусымда 38 миллион 500 мың ақша салдым. Бірақ тұрғын үйде құрылыс жұмыстары жүрген жоқ. Үшқоңыр тұрғын үй кешенін салып біріеміз деген болатын. Ақшаны қайтарып беруін талап етіп отырмыз. Мысалы 1 жылда депозитке салып қойсам жоқ дегенде 5-6 миллион теңге болатын еді. Қазір шаршы метрін 520 мыңнан үй ала алмаймын. Олардың тұрғын үйдің құрылысын аяқтау ниеті жоқ", - деді үлескер Дәурен Айдарбеков.
Ал құрылысқа жауапты компанияның 6 қызметкері қазір қамауда отыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі қазір тергеу жалғасып жатқанын айтты. Егер күдіктілер кінәлі деп танылса, 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы бойынша яғни аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тіркеліп, қазір арнайы тергеу тобы құрылды. Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр. Біздің бір болжамымыз бойынша шілденіңаяғына таман бұл іс материалдары сотқа жіберіледі. Қазір қылмыстық істі 7 тегеуші тергеп жатыр. Олар экономикалық, сот тауарлы және басқа да сараптамалық зерттеулер тағайындалып, сараптаманың нәтижесін күтіп жатыр", - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек