Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? Экономист долларға сенбеуді ұсынды

Белгілі экономист Мақсат Халық "Ой-ЛАЙЫҚ" Youtube-арнасына берген сұхбатында ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Экономистің айтуынша, бүгінде долларға 5 резерв валюта бар.

"Әлемдегі доллардың құны әлсіреп жатыр, долларға 5 резерв валюта бар. Яғни егер доллар құлдыраса, орнын басуы мүмкін валюталар қатарында Швейцарияның франкі, Ұлыбританияның фунт стерлингі, еуро, Жапонияның иенасы мен Қытайдың юані. Кейінгі жылдары юань өте жоғары деңгейде көтеріліп жатыр. Қытай - юанді әлемдік валюта жасау үшін барлық алғышартты жасап отырған ел. Алайда доллардың өмірі аяқталса, екінші валюта юань болмауы да мүмкін. Доллардың күні бітуі мүмкін деген болжам бар, сондықтан көп валютаны доллар түрінде ұстамаңыз дегеннің тағы бір себебі осында. Болашақта доллар әлемдік айналымнан шығып қалатын болса, сіздің долларлық жинағыңызға зақым келеді. Ақшаңызды біздің банктерде доллармен ұстасаңыз болады, кепілдендірілген сақтандыру қоры 5 миллион теңгеге дейінгі долларлық жинаққа кепілдік береді. Бір банкте осы мөлшердегі соманы ғана ұстай аласыз, одан көп доллар сақтаймын десеңіз, екінші, үшінші банк таңдаған дұрыс. Осындай заңдылықтар бар, осыған байланысты жаңалықты жібермей, қарап отырып шешім қабылдаған дұрыс", - деді экономист.

Еске салайық, бұған дейін доллар бағамы неге жылдың басында түсіп, соңында көтерілетіні хабарланған болатын.

Жақында доллар рекорд деңгейде өскен еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!