- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақшаны әкел!" Астанада...
"Ақшаны әкел!" Астанада гүл сататын дүңгіршекке қарақшылық шабуыл жасалған
Астана полицейлері гүл сататын дүңгіршекке жасалған қарақшылық шабуылды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Гүл сататын дүкеннің сатушысы полицияға хабарласып, белгісіз ер адам пышақпен кіріп, кассадан ақша ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушінің айғақтарынан сағат 23.40-та дүңгіршекке ер адам кіріп, пышақпен қорқытып, "ақша әкел!" дегені анықталған.
Ер адам үстелден кілттерді алып, алдыңғы есікті құлыптап, жарықты сөндірген. Бірақ әйел дабыл түймесін басып үлгерген, ер адам оның иығына пышақ сұғып, ақшаны алып, қашып кеткен. Қылмыскер 20 мыңдай ақша алған. Күдіктіні ұстауға полицияның жеке құрамы бағытталған. Қылмыскердің суреті жасалған. Ауданды пысықтау барысында қылмыстың куәгерлерін анықтау үшін аулаларды аралау жұмыстары жүзеге асырылған. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталған. Ол 25 жастағы қала тұрғыны болып шыққан.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова