Әнші Ғазизхан Шекербеков "OZMZғой" бағдарламасына берген сұхбатында ең алғаш жазған әндерін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, өзіне дайындаған әнін ақша болмай, әбіржіп кеткендіктен дуэт орындайтын жігіттерге сатып жіберген.
"Ең алғаш әнді 50 мың теңгеге сатқанмын. Бірақ ол менің әнім емес. Баяғыда үнді фильмдерін жақсы көретінмін, тіпті қазір де қызығы бар ма деп іздеп тұрамын. Сөйтіп жүргенімде бір фильмге тап болдым, өкінішке қарай аты есімде жоқ, сонда киноның әні маған қатты ұнап қалды. Қазақша нұсқасы күшті шығатын сияқты көрінді, өзім айтамын деп ойладым. Шымкенттегі ақын досымды шақырып, түнгі қала туралы әннің сөзін жаздық. Әннің түпнұсқасын тыңдап отырып, аранжировкасын жасадық. Ол кезде ақшам да болмады, әбіржіп кеттім. Сонда студияға екі таныс жігіт келіп, ән керегін айтты, ол жігіттердің біреуі қазір көмекшім. Солай әндерді тыңдатып отқанда осы әнді ұнатып, "күшті екен, сатасыз ба?" деді. Маған ақша керек болған соң кетістім. Бағасы 50 мың теңге болды, ол кезде бұл сома 500 мың теңге секілді көрінетін. Жігіттер ақшаны қолыма ұстатып, дайындалуға кеткен болатын, сөйтсем олар тарап кетіпті. Ал әнді біршама адам естіген, маған сен жазыпсың ғой деп келе бастады. Ән толық менікі болмағандықтан, өзімді іштей жей бастадым, орнын толтыру үшін басқа ән жазуға кірістім. Осылай жүріп композитор болып кеткен секілдімін", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Ұлым екеуіміздің арманымыз орындалды". Ғазизхан Шекербеков жариялаған ерекше видеосы туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандағы СОЭ қандай болуы керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз