Ақшалай сыйақы алып отырған: Жаңаөзенде ҰҚТ шетелдіктерге шекараны кесіп өтуге көмектескен

Ақшалай сыйақы алып отырған: Жаңаөзенде ҰҚТ шетелдіктерге шекараны кесіп өтуге көмектескен
Фото: ІІМ

19 қаңтарда Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, ұсталғандар таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескені анықталған.

"Олар өз қызметі үшін ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту барысында күдіктілерден 500-ден аса сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, байланыс құралдары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget