Кәмелетке толмаған 5 балаға азғындық жасаған адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
Сот айыпталушы П.-ға қатысты үкімді жариялады. Қылмыстық қудалау органы П. кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қолданбай азғындық әрекеттерді жасады деп айыптады (ҚК 124 бабының 1 бөлігі).
Сотта не анықталды?
Сот биыл 2 сәуірде Қарағанды қаласының 16 шағын ауданында П. сотталушы бес балаға қатысты ақша ұсынып, азғындық әрекеттер жасағанын анықтады.
Қандай дәлелдер табылды?
Сотталушының кінәсі жас жәбірленушілердің депонирленген айғақтарымен, олардың заңды өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен, жәбірленушілер мен сотталушыға қатысты кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамаларының қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы қандай?
Прокурор сотталушыға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушілердің заңды өкілдері М., О., Қ., А., С. соттан сотталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Қорғаушы оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты сотталушыны ақтауды сұрады.
Тағайындалған жаза қандай?
ҚК-нің 124 бабының 1 бөлігінің санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, сотталушының жеке басына, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайдың болуына бағытталған жасалған қылмыстың сипаты мен жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот П. - ға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз