- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақша төлесе, қайтып...
"Ақша төлесе, қайтып келеді". Хабиб спорттағы карьерасы туралы сұраққа жауап берді
UFC жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов карьерасы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Ол осы тақырып бойынша әлі күнге жанкүйерлерінен сұрақтар келетінін мойындады. Хабиб карьерасын аяқтайтынын екі жыл бұрын - Джастин Гэтжимен жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін жариялады.
"Бұрынғы салмағымда қандай да бір белсенділік болған сайын, жұрт маған хабарласады. Көптеген хабарлама келеді. Мен бұған түсіністікпен қараймын. Чемпион болдым. Маған дейін көптеген адам бұл трюкті жасады. "Кетемін" деп өз бағасын көтереді де, ақша төлесе, қайтып келеді", - деді Нурмагомедов UFC Russia-ға берген сұхбатында.
Спортшының айтуынша, карьерасын неге аяқтағанын жанкүйерлері еске түсіруі керек.
"Отбасыма, әкеме байланысты жеке себептерім болды. Әрине, әрі қарай жалғастыруыма болар еді. Көбі оны ұмытып кетеді және "жақсы келісімшарт алу үшін кетіп қалды", "көп ақша ұсынылсын, содан кейін қайтып келеді" деп ойлады. Бірақ жоқ, олай болған жоқ. Нақты шешім болды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова