“Ақша сұрайды, бермесең, затыңды алып кетеді“. Алматыда кішкентай қыздар саябақта жүргендерге тиіскен

“Ақша сұрайды, бермесең, затыңды алып кетеді“. Алматыда кішкентай қыздар саябақта жүргендерге тиіскен
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыдағы саябақтардың бірінде болған оқиғаның видеосы тарады. Видеода кішкентай қыздар саябақта жүргендерге тиіскені айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда "полиция шақырамын, барыңдар" деген дауыс та естіледі.

"Қаланың дәл ортасында не болып жатыр? Заттарымызды тартып алды, тас лақтырып, басқа адамдарды да ұрды. Осы екі қызды айналып өтіңіздер, ақша сұрайды, бермесеңіз, заттарыңызды тартып алып, өзіңізге қарай лақтырады", - деп жазылған видео жазбасында.

Алматы Полиция департаменті редакцияға берген жауабында қала саябақтарының бірінде видеоға түсірілген оқиға бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлері заңда көзделген шараларды қабылдайды. Жағдай бақылауда. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget