- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Ақша не істетпейді?“...
“Ақша не істетпейді?“ Тәуекел Мүсілім Қазақстанның сыртқы саясатын сынады
Фото:
instagram.com/mussilim/
Танымал актер Тәуекел Мүсілім Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Актер Қазақстанның Израильге мұнай тасымалдайтыны туралы ақпарат бөлісіп, төмендегідей пікір қалдырды.
"Мынау рас ақпарат па? Егер рас болса, біздің Қазақстан Израильге мұнай жеткізу жағынан 2-орында. Ал Израиль Палестинадағы мұсылмандарды жазықсыз өлтіріп жатыр (геноцид). Ақша не істетпейді... Алла бізді кешірсін", - деп жазды ол.
Еске салайық, жақында Тәуекел Мүсілім еліміздегі әскери жүйе туралы да ойын айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева