Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың әлеуметтік желіде жариялаған видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайрат Нұртастың анасы жаңа фильмнің тұсаукесеріне барғаны туралы жазған.
"Қайырлы кеш, достар! Бүгін Айгүл Иманбаеваның шақыруымен кинопремьераға келдік. Кинода қазіргі қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді ашық көрсетті деп айта аламын. "Көке" фильміне баруға кеңес беремін", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушыларына Гүлзира Айдарбекованың жиі қыдырғаны ұнамай қалған сияқты.
Желідегі оқырмандарының бір тобы "Ақша не істетпейді?", "Құтырған қатындар" деп пікір қалдырып жатса, екінші бір тобы сүйікті әншілерін ақтап алуға тырысып жатыр.
"Неге жаман пікір жазасыңдар? Қолынан келсе бәрі де осылай демалу керек қой. Ақшасы көп болса, біреуден тартып, ұрлап алып жатқан жоқ қой. Өздерінің еңбегі" деп жазды бір оқырманы.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева мен Баян Мақсатқызы бой көрсеткен "Көке" фильмі жақында ғана кинопрокатқа шығып, таныстырылымы өткен болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!