“Ақша мен бағалы сыйлықтар уәде етілген“. ҚМА 14 өңірде тергеу жүргізіп жатыр

“Ақша мен бағалы сыйлықтар уәде етілген“. ҚМА 14 өңірде тергеу жүргізіп жатыр
Фото: Видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі CVK қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазір агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Жоба маркетплейс ретінде таныстырылып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық "дүкен" пакетін сатып алу ұсынылған.

"Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген. Жаңа салымшыларды тартқаны үшін қатысушыларға ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген. Өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнама нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан", - деп жазылған хабарламада.

Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімдері және жаппай таныстырылымдар өткізілген. Бұл іс-шаралар әлеуметтік желіде жарияланып, халықты сендірген.

Агенттіктің жедел шаралары нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивке тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget