Ақтөбеде екі жасар баланы ұрғандар әлі жазасын алмаған. Бұл туралы баланың анасы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға былтыр желтоқсанда болған. Айжан Жақсымұратованың ұлы балабақшадан беті көгеріп, миы шайқалып келген. Ол кезде мектепке дейінгі мекемеге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Екі жасар баланың анасы билік пен қоғамға видеоүндеу жасап, ұлын ұрғандар жазасын алуы керегін жеткізген.
Сол оқиғадан бері үш ай өтсе де іс бойынша ешқандай нәтиже жоқ. Әлдекімдер әйел адамға бұл істі тоқтатуы үшін бірнеше рет ақша ұсынған. Алайда баланың анасы ақша алудан бас тартып, әділдік іздеп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!