Ақша жымқыру схемасы: Маңғыстауда 200-ден аса ер адамға әйелдерге арналған қымбат ота “жасалған“

Ақша жымқыру схемасы: Маңғыстауда 200-ден аса ер адамға әйелдерге арналған қымбат ота “жасалған“
Фото: depositphotos.com

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру дерегі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығына қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Тергеу амалдарына сай "ИБН СИНА" және SOFIE MED GROUP медицина орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған "варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметті кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық отаның, яғни "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясының" кодын көрсеткен.

Осылайша 200-ден аса ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызмет рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар, 19 науқас бұл клиникаларға жүгінгенін растамаған.

Келген залал көлемі

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асқан. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget