- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ақша жоқ, братан"....
"Ақша жоқ, братан". Төреғали Төреәлі неге бомж боп жүр?
Танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматының арбатында халықтан көмек сұрап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал адамдардың басқа образға кіріп, көшедегі халықтан ақша сұрап видео түсіруі хитке айналды. Танымал әнші Төреғали Төреәлі де бұл әлеуметтік эксперименттен шет қалмады. Ол егде жастағы бомж болып киініп, көшедегі адамдардан көмек сұраған.
Алғашында адамдар оны танымай, "Ақша жоқ братан" деп көмектесуден бас тартқан. Жаңбырлы күні жұмыс істеп жүрген жас жігіт қана барымен бөлісіп, әншінің каспи номеріне 200 теңге жіберген.
"Мені танисың ба? Танысаң 50 мың теңге берем. Сен маған бердің ғой, енді мен саған беремін", - деген Төреғали Төреәлі жүрегі кең жігітті қуантты.
"Жүрегі кең бауырымыз. Өзінде 300 теңгесі қалса да маған жартысын берді", - деп жазды Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина