Желіде көшеде тазалықшысы болып жұмыс істеп жүрген әженің видеосы тарады. Желі қолданушылары оның кім екенін, оған қандай көмек көрсету керегін сұрап жазып жатыр. Massaget.kz тілшісі жұртшылықты алаңдатқан зейнеткермен сұхбаттасып, оның жағдайын білді.
@jeasmoons_ Сегодня утром в 08:00 утра я увидела на улице пожилую бабушку 🥹Она работает дворником , несмотря на свой возраст и состояние. Ей около 80 лет, и ей трудно ходить, она хромает. Я сняла её на видео, чтобы показать людям. Прошу вас, не проходите мимо таких людей. 💞Дайте им хотя бы немного денег на еду. 🥺 Когда я закончу университет, я буду усердно работать и помогать таким людям. 🫂Пожалуйста, помогайте тем, кто нуждается в нашей поддержке и заботе. #помощь #благотворительность #пожилыелюди #неравнодушие #доброделать#добрые#трудно#грустно#🥺#sadsong #kazakhstan ♬ Another Love (slowed down original sound) - Tom Odell
Айсәуле Байқуатова 65 жаста. Ол бұл жұмысқа несиесін жабу үшін орналасқан. Көмек қолын созғысы келетін адам көп екенін естіген кейіпкер көзіне жас алды.
"Қазір зейнеттемін. Балам бар, тазалықта істейді. 5 немерем, келінім бар. Мен Қарақалпақстаннан 2016 жылдың аяғында көшіп келдім. Алғашында зейнетақы мөлшері аз болды, қазір көбейді, 66 мың теңге аламын. Ақша жетпейді ғой. Мені ешкім зорлап жатқан жоқ. Үйде ішім пысады, ақша тапқым келеді. Немерелеріме тәтті, піспенан алғым келеді. Өзім бардым. Негізі денсаулығым шамалы, аяғым аурады. Оның үстіне, 200 мың теңге несием бар. Оны жаба алмай жатырмын", - деді ол.
© Суретте: Айсәуле Байқуатова жеке қордан
Кейіпкердің 2 қызы, 1 баласы бар. Ұлы да тазалықта жұмыс істейді. Айсәуле Байқуатованың күйеуі ерте қайтыс болған.
"Күйеуім болғанда былай жүрмеймін ғой. Қарақалпақстанда нан таба алмай қалдық. Кейін Қазақстанға көшіп келдік. Баламның да несиесі басынан асады. Сондықтан мен де жұмысқа шығып жүрмін. Қазір 2 бөлмелі үйде тұрып жатырмыз. Мен - Бекет атаның ұрпағымын", - деді зейнеткер.
Апамыздың баласымен де тілдесе алдық. Алданазаров Кұралбектің де жұмысы осында. Ол анасының жұмысқа шығуына қарсы болғанын айтты.
"Несиені үйге су кіргізуге және басқа да үй қажеттіліктері үшін алған едім. Қарызым табысымнан асып кетті. Жолдасым үй шаруасында, балалар кішкентай, соларға қарайды. Анамның жұмысқа шығуына қарсы болдым. Қанша айтқаныммен қоймай жұмысқа шығып кетті. Еңбек адамы, бір орында тыпыршып тұра алмайды. Кеше ғана анамның видеосын әлеуметтік желіден көріп қалдым, шыдай алмадым, көзіме жас келді...", - дейді Алданазаров Кұралбек.
Алматы әкімдігі Айсәуле Байқуатоваға қатысты пікір білдірді. Әкімдік кейіпкеріміздің субмердігерлер арқылы жұмыс жасайтынын жеткізді.
"Алматының тазалық жұмыстарына жұмыс күші жетпегенде әкімдік мердігерлерге жүгінеді. Айсәуле Байқуатова күндік ақы алып, мердігерлер арқылы жұмыс жасайды. Яғни жұмыс кестесі мен мөлшері сол мердігердің құзыретінде", - делінген хабарламада.
Айсәуле Байқуатова апамыз көмектен бас тартпайтынын жеткізді. Ол кісінің басты мақсаты немерелерін жеткізіп, аяқтандыру. Тағдыр сынағы түссе де қол қусырып отырмаған апамыздың зейнет жасына қарамастан еңбекке араласуы ерлікке пара-пар іс.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!