"Ақша да, жиһаз да жоқ". Қарағандыда алаяқтар көбейіп тұр

"Ақша да, жиһаз да жоқ". Қарағандыда алаяқтар көбейіп тұр

Қарағандыда жиһазға тапсырыс беріп, бір компанияға ақша төлеген бірнеше азамат соңында алданып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде көптеген қарағандылықтар жиһаз жасайтын компанияның жер жарған жарнамасына алданып қалған. Компания өкілдері мүшкіл халдерін айтып ақталса, тапсырыс берушілерге келісімшарттар мен түбіртектер кері әсерін тигізді. Евгения Штро өткен жазда балаға арналған жиһазы үшін 819 мың теңге аударған. Алайда, бүгінгі күні отбасы мүшелері оның тек суретін ғана көрген. Олар бірден полицияға арыз жазғанымен,нәтижесіз болды. Амалдары таусылған соң адвокатқа жүгінуге тура келген. Бұл жарнамаға алданғандардан 7 адам жиналып отыр. Қолдарында тіпті сот шешімі бар. Онда компания адамдарға ақшаны қайтаруға міндеттеледі деп жазылғанымен, бұл шешім мүлдем орындалмай отыр.
 

"Біз сот орындаушыларына жүгіндік. Олар ештеңе істей алмады. Өйткені олардың мүлкі қамауға алынған. Ештеңе де ала алмаймыз" дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Евгения Штро

Компания өкілдері адамдардан жасырынбайды және осы жағдайда қандай да бір себептермен олардың жағында болған заң бойынша әрекет етуге дайын.

"Компания банкроттыққа ұшыраудың аз-ақ алдында тұр. Біз қолдан келгенді жасағанымызбен ақырында осы жағдайға әкеліп соқты. Сіздердің бізге деген көзқарастарыңыз түсінікті. Дегенмен, бізді де түсінулеріңізді сұраймыз" дейді, ортақ құрылтайшы Илья.


Компания өкілі мүмкіндік болса да, банкроттыққа өтінім бермейтіндерін айтады. Ақшаны қайтару немесе жиһаз жасау бойынша міндеттемелер алынып тасталмайды, бірақ бұл белгісіз мерзімде орындалады. Сондай-ақ, сот арқылы ақшаны қайтаруға қол жеткізу мүмкін болмайтыны меңзеледі. Ақшасынан айырылғандардың айтуынша, компания әліде жұмыс істеуде және тапсырыстарды қабылдауды жалғастыруда. Мұндай айланың құрбаны болған тағы қанша қарағандылық бар екенін ешкім де білмейді. Зардап шеккендер компания өкілдерінің неғұрлым қатаң жазаға тартылуын сұрайды.


"Біз ақшамызды оларға ешқандай келісімшартсыз, ешбір чексіз бергенімізде "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғауға болар еді. Дегенмен, оларда барлығы ресми және келісімшарт бойынша. Олар өз дегендерін жасай білді" дейді, қала тұрғыны Ирина Чистякова


Қазір осыған ұқсас оқиғалар көп кездеседі, дейді заңгер. Егер борышкер өзінде ештеңе жоқ екенін дәлелдесе, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту қиынға соғады және тек әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бірақ, бұл адамдарға ақшаны қайтаруға көмектеспейді. Алданған адамдарға бастапқыда соттаспас бұрын полицияда "Алаяқтық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап ету керек еді. Дегенмен, заңгердің сөзінше, мұны әлі де жасауға мүмкіндік бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы