Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт төмендеді

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт төмендеді
Фото: depositphotos.com

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағат 11:45-тегі жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 528-529 теңгеден сатылып, 521-522 теңгеден сатып алынып жатыр. Ал Алматыда америкалық валютаны сату бағасы - 524-526 теңге, сатып алу бағасы - 522-523 теңге.

Айта кетейік, 3 қарашада Астанада доллар орта есеппен 532,33 теңгеден сатылып, 526,33 теңгеден сатып алынған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сату бағасы 529,42 теңгеге, ал сатып алу бағасы 527,03 теңгеге тең болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget