Астанада алаяқ тұрғындарды алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті дәмхана, компьютерлік клуб, дүкендерді аралап жүріп, өзін кондиционер, бейнекамера жөндейтін маман ретінде таныстырып, жабдықтарды тексеріп жатқандай әрекет жасаған.
"Жәбірленушілердің сеніміне кіргеннен кейін олардың ірі ақшаларын ұсақ ақшаға айырбастап беруді ұсынып, ұсақ ақша көлігінде барын айтып, қашып кеткен. Алаяқтың әрекетінен 18 адам зардап шегіп, жалпы сомасы шамамен 3 млн теңге көлемінде шығын келген", - деп жазылған Астана прокуратурасының хабарламасында.
Күдікті қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз