Банктер салық органдарына қазақстандықтардың шоттары және олардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты беріп отырады. Қаржы министрлігі тиісті ережелерді реттейтін бұйрық жобасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құжатта салық органына есеп берудің жаңа үлгісі 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін жаңа Салық кодексі шеңберінде пайда болғаны айтылған. Бұйрық жобасының өзі биыл 29 қыркүйекке дейін талқыланбақ.
Банктер салық органының сұрауы бойынша 10 жұмыс күні ішінде мына деректерді ұсынуға міндетті:
"Бұл тек кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті жеке тұлғаларға қатысты. Банктердің алдында мұндай міндет 2018 жылдан бері бар. Бұл жаңа ереже емес", - деп түсіндірді Қаржы министрлігі Tengrinews.kz-ке жауабында.
Қаржы министрлігі мәліметінше, өзгерістің мақсаты - жалпыға бірдей декларациялау аясында азаматтардың кірістері мен мүлкіне бақылауды күшейту. Салық органдары ірі мәмілелерді қашықтан қадағалап, оларды берілген декларациялармен салыстыра алады. Бұл әдіс әділ салық салып, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енетіні хабарланды. Биыл үш ай үшін 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз