Қазақстанда банк шоттары мен аударымдарды тексерудің жаңа ережелері дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы министрлігінің жобасына сәйкес екінші деңгейлі банктер кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыратын жеке тұлғалардың шоттары бойынша салық органдарына егжей-тегжейлі ақпарат беруге міндетті. Тізімге мыналар кіреді:
Қаржы министрлігі мәліметінше, өзгерістің мақсаты - жалпыға бірдей декларациялау аясында азаматтардың кірістері мен мүлкіне бақылауды күшейту. Салық органдары ірі мәмілелерді қашықтан қадағалап, оларды берілген декларациялармен салыстыра алады. Бұл әдіс әділ салық салып, бюджет кірісін арттыруға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға көмектеседі деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қыркүйектен бастап мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енетіні хабарланды. Биыл үш ай үшін 1 миллион теңгеден асатын шек енгізіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!