Үндістанның Харьяна штатында қалыңдық үйлену тойынан кейін ақша мен қымбат бұйымдарды ұрлап кетіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Қалыңдықты күйеужігітпен әкесі Ашок Кумар таныстырған екен. Прити есімді қыздың кедей отбасынан шыққаны жігіттің әкесіне кедергі болмаған: ол қыз жасауын сұрамаған, тіпті қалыңдықтың туыстарына ақшалай көмектескен.
"Ресми неке қиюдан кейін келінімізбен үйге қайттық. Үйлену тойында таңға дейін қыдырып, таңертең ұлым жұмысқа кетті. Содан кейін Прити жоғалып кетті", - дейді Ашок Кумар.
Осылайша қалыңдық 150 мың рупий (862 500 теңге) және әшекей бұйымдарды алып кеткені анықталды.
Жігіттің әкесі полицияға шағымданған. Енді қашып кеткен қалыңдықты тәртіп сақшылары іздеп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!