Ақтөбеде ер адамды бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру шаралары кезінде әйел адам ақша бопсалаумен айналысқаны анықталған.
Тексеріс барысында қыз 54 жастағы қала тұрғынын қорқытып, ер адамнан 450 мың теңге көлемінде ақша бопсалағаны белгілі болды.
"Ол "зорлады" деп құқық қорғау органдарына арызданатынын айтып қорқытқан", - деді полиция.
28 жастағы күдікті жәбірленушіден ақша алған кезде ұсталған.
"Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, ақша тәркіленді. Ол кінәсін мойындады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!