БҰҰ-да Украинаға келтірілген залалды өтеу мәселесі қаралады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский мобилизация туралы заң жобаларын енгізді. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі оқиғаларға шолу жасады.
Зелинский Радаға мобилизация туралы заң жобасын енгізді
Украина президенті Владимир Зеленский Жоғары Радаға республикадағы әскери жағдайды ұзарту және жалпыға бірдей мобилизация туралы заң жобаларын енгізді. Бұл туралы Украина Парламентінің сайтында хабарланды. Тиісті құжаттар Рада базасына 8 қарашада енгізілген. Әзірге заң жобаларының мәтіндері жоқ. Ал "Дауыс" фракциясының басшысы Ярослав Железняк Telegram-да мерзімді 90 күнге ұзарту жоспарланғанын жазған.
"Укрэнерго" бүкіл Украинада электр қуаты өшірілетінін ескертті
"Украэнерго" ұлттық энергетикалық компаниясы Украинаның барлық аймағында уақыт бойынша электр қуатын өшіру кестелері болатынын ескертті. Компания украиналықтарды энергияны үнемдеуге шақырды. Әсіресе, тұтыну мөлшері шамадан артатын уақыттарда - 6:00-ден 11:00-ге дейін және 17:00-ден 23:00-ге дейін.
Пентагон Украинаға NASAMS әуе қорғанысының екі кешені берілгенін растады
АҚШ Қорғаныс министрлігінің спикері генерал Патрик Райдер Nasams зенит-зымыран кешендері Украинада екенін және оны Украина Қарулы күштері бөлімшелері қолданатынын айтты. Пентагон Nasams әуе қорғанысы кешенінің Украинаға берілгенін растады. Патрик Райдер ATACMS тактикалық зымырандарына қатысты ақпаратты айтпаған.
"Украина Қарулы күштері АҚШ-тан берілген NASAMS екі әуе қорғанысы кешенін қолданады, ал жеке құрамды оқыту жұмысы Еуропада өтті", - деді ол.
Украинаның бес облысында әуе дабылы жарияланды
Украинаның бес облысында әуе дабылы естілді. Полтава, Днепропетровск және Кировоград облыстарында жарылыстар болған. Соның ішінде Полтава облысының Кременчуга ауданындағы жарылыстар туралы қала мэрі Виталий Малецкий Telegram-да хабарлады.
Ресей мен АҚШ Украинаға қатысты келіссөз жүргізбейді - Ресей СІМ басшысының орынбасары
Ресей СІМ басшысының орынбасары Андрей Руденко Ресей АҚШ-пен Украина бойынша келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей Украинамен келіссөздерді қайта бастау үшін жағдай жасамайды. Ол бұған Киевтің ізгі ниеті ғана қажет екенін айтқан.
"Украина Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізуге тыйым салатын заң қабылдады. Бұл - олардың таңдауы, біз әрқашан өзгелердің кінәсінен үзілген келіссөздерге дайын екенімізді мәлімдедік", - деді Руденко.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинаға соғыстан келген залалды өтеу мәселесін қарастырады
БҰҰ Бас Ассамблеясы 14 қарашада арнайы сессияға жиналып, онда Украинаға соғыстан келтірілген толық залалды өтеу тетігін құру туралы қарар жобасын қарайды. Бұл туралы Бас Ассамблея төрағасының баспасөз хатшысы Паулина Кубяк мәлімдеді. Оның айтуынша, украиналық делегация БҰҰ-ға "Украинаның құқығын қорғау мен репарациялауға жәрдемдесу" қарарын талқылау үшін арнайы сессия өткізу туралы өтініш жолдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!