АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың түрмедегі суреті пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.
Трамп 24 тамызда Атлантадағы Фултон округіндегі түрмеге өзі келген. Дональд Трамп журналистерге Джорджияның шенеуніктері экс-прездент түрмеде суретке түсуін талап еткенін айтқан.
"Ештеңе істемегеніңді біле тұра біртүрлі сезім", - дейді Трамп.
Дональд Трамптың сөзінше, ол түрмеде 2020 жылы Джорджиядағы сайлау нәтижесіне араласқаны үшін отыр.
Айта кетейік, Трамп бостандықта кепілге ақша төлегені үшін жүр. Бұл жағдайда түрмеге келу ресми рәсім болып саналады. Қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін экс-президент босатылды. Fox News хабарлауынша, Трампқа қыркүйек айының басында ресми айып тағылуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!