АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында сөз сөйлеп жатқанда "құлақ терісін оқ тесіп өткенін сезгендей болды" деді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.
Трамп Truth Social парақшасында соның ішінде оқпен емес, әйнекпен жарақаттануы мүмкін деген хабарламаларға қатысты мәлімдеме жариялады.
"Маған оқ атылды, ол оң құлағымның жоғарғы бөлігін тесіп өтті. Мен бірдеңе дұрыс емес екенін бірден білдім, өйткені ысқырық пен оқ дыбысын естідім, оқтың құлақ терімді тесіп өткенін бірден сездім. Көп қан кетті, сондықтан не болып жатқанын түсіндім", - деді Республикалық партияның 78 жастағы президенттікке кандидаты.
Басылым мәліметінше, Трамп кортежі аурухана аумағынан кетіп қалған.
"Мен АҚШ-тың құпия қызметіне және барлық құқық қорғау органдарына Пенсильвания штатының Батлер қаласында болған атысқа жылдам жауап бергені үшін алғыс айтқым келеді", - деп жазды Трамп.
"Ең бастысы, мен митингте қайтыс болған адамның отбасына, сондай-ақ, ауыр жарақат алған басқа адамның отбасына көңіл айтқым келеді. Мұндай акт біздің елде болуы мүмкін екені ойға қонымсыз", - деп жалғастырды ол.
Трамп "қазір қайтыс болған мерген туралы ештеңе білмейді" деп жазды. Экс-президент оқ атылғаннан кейін сахнада құлады.
Құпия қызмет қызметкерлері сахнаға шықты. Трамп жақтастарына "Күрес! Күрес! Күрес!" айқайлады.
Еске салайық, атыс АҚШ-тың бұрынғы президенті әрі президенттікке үміткер Дональд Трамптың Пенсильваниядағы митингісінде үгіт-насихат сөйлеген кезде басталған. Оқиға салдарынан брі адам қаза тапты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!