АҚШ “Теңізшевройл“ және Қарашығанаққа салынған санкцияларды алды

АҚШ "Роснефть" пен "Лукойлға" қатысты өз санкцияларының әрекетінен Каспий құбыр консорциумы, "Теңізшевройл" және Қарашығанақ кен орнын игеру жобасына қатысты операцияларға қолданбайтын болд, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Толығырақ АҚШ Қаржы министрлігі жариялаған құжатта жазылған. Онда Каспий құбыр консорциумы жобаларына, "Теңізшевройлға" және Қарашығанаққа қатысты "қызметтер көрсетуге және өзге де операцияларға" рұқсат етілетіні атап өтілген.

Сондай-ақ, құжатта "Каспий құбыр консорциумындағы, "Теңізшевройлдағы" немесе Қарашығанақ жобаларындағы үлесті сату, иеліктен шығару немесе беру сияқты кез келген операцияларға рұқсат етілмейтіні" ерекше көрсетілген.

Скриншот

Еске салайық, 2025 жылғы мамырда АҚШ Қаржы министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жобалары мен "Теңізшевройл" ЖШС-не (ТШО) қатысты мұнай сервистік қызметтер көрсетуге рұқсат берген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!