- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АҚШ-тан Қазақстанға есірткі...
АҚШ-тан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар сотталды
АҚШ-тан Қазақстанға есірткі жеткізіп, оны сатумен айналысқандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу дерегі бойынша бір топ адамның үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Бұған дейін Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған болатын. Одан 649 грамм кептірілген марихуана, 676 грамм гашиш табылып, тәркіленді.
Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды.
Сондай-ақ, олардан 705 грамм марихуана мен 1266 грамм гашиш есірткі заттары табылып тәркіленді.
"Сот үкімімен 7 адам кінәлі деп танылып, олар 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды ", - делінген хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан Қазақстанға есірткі контрабанда арнасының және Алматыда есірткіні тарататын бірнеше Telegram арналардың жолы кесілді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!