Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтіп жатыр. Негізгі кандидаттар - республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Associated Press мынадай статистика келтірді: Трампта 230 дауыс, Харристе 187 дауыс. Мұндай деректерді "Америка дауысы" да келтірді: 230 және 179 дауыс.
New York Times Трамптың жеңісін 87 пайыз ықтималдықпен болжайды.
Анықтама: Сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес, вице-президентті, конгрестің 468 мүшесін, 11 штаттағы губернаторларды, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілдерді анықтайды.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы алғашқы сайлау учаскелері жабылғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!