Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтіп жатыр. Негізгі кандидаттар - республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
New York Times Трамптың жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалады, қазірдің өзінде 95 пайыздан да жоғары.
Fox News Трамптың Пенсильванияда көш бастағанын жазды. Трамп Джорджияда да жеңіске жеткен.
Осылайша, Трампта 247 дауыс, Харристе 210 дауыс бар.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы алғашқы сайлау учаскелері жабылғаны хабарланды.
Кейін Associated Press мынадай статистика келтірді: Трампта 230 дауыс, Харристе 187 дауыс. Мұндай деректерді "Америка дауысы" да келтірді: 230 және 179 дауыс.
Сонымен қатар Трамп негізгі жеті штаттың алтауында көш бастады.
Анықтама: Сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес, вице-президентті, конгрестің 468 мүшесін, 11 штаттағы губернаторларды, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілдерді анықтайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!